Норвегия Украинаға M548 шынжыр табанды жүк көлігін береді
Норвегия Украинаға 50-ге жуық американдық M548 шынжыр табанды жүк көлігін береді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Олар жолсыз жағдайда тылдан майданға жүктерді жеткізуге арналған, деді елдің қорғаныс министрі Бьорн Арильд Грам.
Бір күн бұрын Чехия, Дания және Нидерланды Украинаға жаңа қару-жарақ жеткізілетінін хабарлағанбыз.
Оның ішінде кеңестік 15 модернизацияланған Т-72ЕА танкі, сондай-ақ броньды машиналар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен оқ-дәрілер бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: