Әлем26 ақпан 2024, 12:34

NYT: ЦРУ директоры Украинаға жасырын келді

АҚШ ЦРУ директоры Уильям Бернс 15 ақпанда Украинаға жасырын келді, деп жазады америкалық The New York Times газеті.Басылымның мәліметінше, бұл Бернстің Украинаға соңғы екі жылдағы оныншы сапары, - деп хабарлайды Arbat.media.

Газет барлау қызметтеріндегі дереккөздерге сілтеме жасап атап өткендей, ЦРУ мен Украина барлау қызметі арасында тығыз байланыс 2014 жылдан бері бар.

Осы уақыт ішінде, NYT атап өткендей, Украина Кремльге қарсы күресте Вашингтонның ең маңызды барлау серіктестерінің біріне айналды.

Соғыс басталғалы бері ЦРУ қызметкерлері Украина билігіне маңызды ақпаратты, соның ішінде Ресейдің қай жерде соққы беруді жоспарлап жатқаны және қандай қару-жарақ жүйелері қолданылатыны туралы ақпарат берді, деп хабарлайды NYT.

Соңғы 8 жылда Украинаның әскери барлау қызметі ЦРУ көмегімен Ресеймен шекаралас жерде ресейлік байланыстарды ұстап тұру үшін 12 құпия бекет құрды, деп хабарлайды NYT материалы.

ЦРУ директоры Уильям Бернс Украина сапар
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар