Әлем16 наурыз 2024, 9:36

Одессада бірнеше жарылыс болды, екі адам мерт болып, кейбірі ауыр жараланды

Одессада бірнеше жарылыс болды, екі адам мерт болып, кейбірі ауыр жараланды. Алдын ала мәлімет бойынша, зымырандардың бірі қаланың оңтүстігіндегі тұрғын үйге тиіп, өрт шыққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зардап шеккендер саны анықталуда, ОВА басшысы Олег Кипер оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ол, сондай-ақ, шабуылдардың бірінің нәтижесінде бірінші жарылыстан кейін зардап шеккендерге көмекке келген жедел жәрдем фельдшері мен құтқарушының қаза тапқанын жазды.

Одессада қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Ресейдің қалаға жасаған соққыларының салдарынан 46 адам жарақат алды, деп хабарлады Одесса ОВА басшысы Олег Кипер.

Ресейдің Одессадағы соққысынан кем дегенде 19 адам қаза тапты.

Украинаның бас прокуроры Андрей Костиннің айтуынша, тағы 73 адам жарақат алған.

Зардап шеккендер арасында жергілікті тұрғындар, дәрігерлер мен Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері бар.

«Екінші атқылау төтенше жағдайлар қызметі бірінші соққыдан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан кезде болды», - деді Костин Facebook-тегі жазбасында.

одесса Жарылыс Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар