Әлем2 наурыз 2024, 20:31

Одессада көпқабатты үйге шабуылдан екі адам қаза тапты

Одессада ресейлік ұшқышсыз ұшақтың көпқабатты үйге шабуылы салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қала билігінің хабарлауынша, Одессадағы тағы бір шабуылдан кемінде екі адам қаза тауып, сегіз адам жараланған. Кеше түнде Shahed ұшқышсыз ұшағы тоғыз қабатты ғимаратқа құлап, оның бір бөлігін қиратты: барлығы 18 пәтер бүлінген.

Одесса полиция департаментінің басшысы Олег Кипер зардап шеккендердің арасында үш жасар бала мен жүкті әйелдің бар екенін айтты. Үйінді астындағы адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Украина қарулы күштері түнде Одесса облысына шабуыл жасаған 8 ұшқышсыз ұшақтың 7-сі атып түсірілгенін мәлімдеді.

UPD: Одессада ресейлік ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан кейін қаза тапқандар саны үшке жетті, үйінділерден үш айлық баланың денесі шығарылды.

одесса Шабуыл дрондар қаза тапты

Тақырыпқа жаңалықтар