Олаф Шольц: 350 000 ресейлік сарбаз Путиннің кінәсінен өлді
Германия канцлері 350 000 ресейлік сарбаз Путиннің кінәсінен өлді немесе ауыр жарақат алды деді. Украинаның қосымша шаршы метрін басып алу үшін Владимир Путин көптеген украиналықтарды өлтіріп қана қоймай, жүздеген мың ресейлік сарбазды өлімге аттандырып отыр, деп мәлімдеді Германия канцлері Саарбрюккендегі (Германия) азаматтық диалог барысында, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Біздің деректер бойынша - нақты саны белгісіз болса да - 350 мың ресейлік сарбаз қаза тапты немесе ауыр жарақат алды. Ал бұл сан күн сайын мыңға немесе одан да көпке артып келеді», - деді ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: