Олаф Шольц өзінің америкалық "егізімен" бірге түскен суретін жариялады
Олаф Шольц Вашингтонға ұшып келіп, АҚШ конгресінің мүшелерімен кездескен. Қатысушылар арасында Германия канцлеріне қатты ұқсас демократ, Делавэр штатының сенаторы Крис Кунс болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кунс әлеуметтік желі парақшаларына Шольцпен түскен селфиін жариялады, содан кейін канцлер де оның әрекетін қайталады.
«Өзімнің "егізімді" қайтадан көргеніме қуаныштымын», - деп жазды канцлер Олаф суреттің астына.
Бұл Шольц пен Кунстың алғашқы кездесуі емес: 2023 жылдың қаңтарында олар Давостағы Дүниежүзілік экономикалық саммитте кездескен болатн. Сол кезде де жиналғандар екі саясаткердің бір-біріне қатты ұқсайтынын көріп таңқалған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: