ӘлемБүгін, 12:10

Пәкістан Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

Пәкістан Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Пәкістан АҚШ президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды.Ұсыныс Трамптың Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы дағдарыс кезінде көрсеткен «дипломатиялық рөлі мен көшбасшылығы» үшін жасалды.

Бұл туралы Пәкістан премьер-министрі кеңсесінің жазбаша мәлімдемесінде айтылған.

Құжатта екі ядролық держава - Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленістің күшеюі кезеңінде Трамптың ара ағайындық рөлі маңызды болғаны және оның әрекеттері ірі ауқымды қақтығыстың алдын алуға көмектескені атап өтілген.

трамп Пәкістан сыйлық Басшы

Тақырыпқа жаңалықтар