Пәкістандық ер адам 93 жастағы зейнеткерді зорлаған, кейуана көз жұмды
Германияның шығысында пәкістандық ер адам 93 жастағы зейнеткерді зорлады, - деп хабарлайды Arbat.media.
49 жастағы Мохаммад А. 1998 жылы Пәкістаннан Германияға көшіп келіп, ді, бесінші сыныпты бітірген. Содан бері еш жерде жұмыс істемей, жәрдемақыға өмір сүріп, ешқашан неміс азаматтығын алмаған.
Ол 2012 жылы әйел зорлағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған.
Сәуірдің 12-сі күні кешке ол Рейхенбах-им-Фогтланд қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі 93 жастағы көршісі Лина Л.-ның пәтеріне баса-көктеп кіріп, зейнеткер кемпірді итеріп жіберіп, диванға отырып, шалбарын шешкен.
Кейуана қанша қорғанғанымен, еркек оның кеуде тұсынан тістеп алған.
Оның дөрекі әрекет еткені сонша, Линаның бірнеше сүйегін, тіпті жамбас сүйегін сындырған.
Мұхаммед А. зорлап болған соң кемпірдің шалбарын киіп, өз шалбарын иығына іліп алып, үйден шығып кеткен.
Ауыр жараланған Линаны Л. дәлізде жатқан жерінде ұлы тауып алған.
Кейуана көп ұзамай ауруханада көз жұмды. Өлімнің тікелей себебі пневмония болды дегенмен, прокурорлар оның бастапқы себебі сексуалдық зорлық-зомбылық екеніне сенімді.
Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.