Әлем26 ақпан 2024, 22:22

Палестина үкіметі отставкаға кетті

Палестина үкіметі отставкаға кетті. Премьер-министр Мұхаммед Штайя Палестина президенті Махмуд Аббасқа өтініш жолдағанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, бұл қадам «Газа секторына жасалған агрессияға және Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Иерусалимдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты» жасалған.

Махмуд Аббас басқаратын Рамаллада орналасқан Палестина автономиясының (ФАТХ) үкіметі Батыс жағалауды басқарады, ал радикалды исламшыл Хамас тобы 2006 жылғы сайлау мен ФАТХ-пен кейінгі қарулы қақтығыстардан кейін Газа секторын бақылауға алды.

Мұхаммед Штай Палестина Үкімет отставка

Тақырыпқа жаңалықтар