Әлем9 тамыз 2024, 9:00

Париж Олимпиадасында 800 дана жалған медаль сатпақ болған адам ұсталды

Олимпиада ойындарында Париж Олимпиадасының логотипі бейнеленген жалған медаль сатқан бразилиялық азамат ұсталды.  23 шілдеде Олимпиада ойындарының ашылуына бірнеше күн қалғанда Париждің 12-ші ауданындағы көшелердің бірінде Бразилиядан келген 39 жастағы күдікті парамен ұсталған. Ұстау кезінде қылмыскерден 11 жасанды медаль және жалған 500 еуролық банкнот табылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Le Parisien басылымы таратты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Тергеушілер оның жалдамалы пәтерін тінту кезінде 198 баулы медаль, 666 баусыз медаль, 655 зергерлік бұйым және «Париж 2024» эмблемасы бар 727 бау тапты.

Сондай-ақ 1340 еуро қолма-қол ақша табылған.

Бұған дейін Парижде Олимпиада ойындарына жалған билет сату бойынша алты іс қозғалған.

Туристер мен жергілікті тұрғындар алаяқтық туралы полицияға хабар берген.

Мысалы, 19 жастағы бойжеткен жалған сайттан тапқан жалған QR коды бар билеттерге 870 еуро төлеген.

Полиция бөлімшесіне көптеген спортшылар мен жаттықтырушылар да жеке заттарының жоғалтқанын айтып шағымданған.

Айталық, жапон регби ойыншысы әшекей бұйымдарын және пәтерінде сақталған 3 мың еуроны жоғалтқан.

 

XXXIII Олимпиада жалған медаль

Тақырыпқа жаңалықтар