Әлем26 қазан 2023, 11:20

Пашинян: Армения ресейлік әскери базалардың болуынан артықшылық көрмейді

Армения ресейлік әскери базалардың болуынан артықшылық көріп отырған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Ереван жаңа серіктестер іздеуде, өйткені Таулы Қарабақты Әзірбайжан басып алған кезде Мәскеу өзінің одақтастық міндеттемелерін орындамаған. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бұл оқиғалар бізді қауіпсіздік қатынастарын әртараптандыру керек деген шешімге әкелді және біз қазір мұны істеуге тырысамыз», - деді ол Армениядағы ресейлік әскери базалардың тұрақты болуының «артықшылығын» көрмегенін айта келе.
 
Бірнеше күн бұрын Армения Франциядан заманауи әуе қорғаныс жүйелерін сатып алу туралы келісімге қол қойды, деп еске алады WSJ.

Пашинян ресейлік әскери база Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар