Пентагон: АҚШ Украинаға $2,3 млрд жаңа қару-жарақ пакетін жариялайды
Украиналық әріптесі Рүстем Умеровпен кездескен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин жақында Вашингтон Украинаға құны 2,3 миллиард доллардан асатын қауіпсіздік саласындағы көмектің жаңа пакетін жариялайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның ішінде танкке қарсы қарулар, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар және басқа да оқ-дәрілер болады.
Бұған қоса, бұл Киевке NASAMS және Patriot жүйелерін жеткізуді тездетеді.
Айта кетсек, 2022 жылдан бері АҚШ Украинаға 50 миллиард доллардан астам әскери көмек көрсетті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: