Әлем21 маусым 2024, 14:43

Пентагон: Украина АҚШ қаруымен Ресейге соққы жасай алады

Украина қарулы күштері АҚШ қаруымен Харьков облысының маңында ғана емес, бүкіл Ресейге соққыға жасай алады деп мәлімдеді Пентагон.  Пентагонның баспасөз хатшысы Патрик Райдер Украина қарулы күштері америкалық қаруды Харьков облысының маңында емес, Ресей аумағындағы кез келген әскери нысанаға соққы беру үшін пайдалана алады деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Егер ресейлік әскерлер шекарадан оқ жаудыратын болса, Украина Құрама Штаттар берген оқ-дәрілерді пайдалана отырып, сол құрлықтағы күштерге жауап қайтара алады», - деп келтіреді оның сөздерін Reuters агенттігі.

Райдер мұны украин армиясының бұл жағдайда «өзін-өзі қорғау» әрекеті деп ақтады.

Бұған дейін АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан да осылай айтқан болатын. 

«Егер Ресей Украинаға өз аумағынан шабуыл жасаса немесе шабуыл жасамақ болса, онда Украинаға шекара арқылы оған шабуыл жасайтын күштерге жауап қайтару мүмкіндігін берудің мәні бар».

Пентагон АҚШ қаруы Украина Ресейге соққы

Тақырыпқа жаңалықтар