Әлем1 наурыз 2024, 16:00

Пентагон Украинаға өз резервінен көмек көрсетуі мүмкін

Пентагон Украинаға өз резервінен көмек көрсетуі мүмкін. АҚШ Қорғаныс министрлігінің өз резервтері бар, олардың жалпы сомасы шамамен 4 миллиард еуроны құрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұрын бұл қаражат Конгресс қабылдаған қаржыландыру пакетімен өтелсе ғана пайдаланылады деп жоспарланған болатын.

Қазір Пентагон шенеуніктері Украинаға өтемақы кепілдіксіз көмектесу мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлады CNN ақпарат көздері.

Себебі, Украинаға көмекті қаржыландыру туралы заң жобасы Конгресте тығырыққа тіреліп, Украина қарулы күштерінің жағдайы күрделене түсуде.

Шешім қабылданса, Пентагон Украинаға маңызды оқ-дәрілер береді деп күтілуде.

Пентагон резерв Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар