Әлем14 қараша 2023, 20:03

Полиция өзін әйел санайтын ер адамды ұстады

Жапонияда өзін «іштей» әйелмін деп санайтын ер адам әйелдердің шомылу аймағына басып кірді деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

43 жастағы ер адам Жапония орталығындағы ыстық су курортының әйелдерге арналған аймағынан табылды.

Мекеме менеджері полицияға хабарлаған. Артынша күдікті әйелдер аймағына әдейі кіргенін мойындаған.

"Мен іштей әйелмін, сондықтан неге маған әйелдер аймағына өтуге рұқсат етілмейтінін түсінбеймін», - деді ол.

Бұған дейін Жапония репродуктивтілігін жоймай-ақ жыныс ауыстыруға рұқсат берген болатын. 

Жапония полиция трансвестит

Тақырыпқа жаңалықтар