Әлем5 қыркүйек 2024, 16:34

Польша Львовтағы үйлерді қалпына келтіруге көмектесуге дайын

Польша Ресейдің зымырандық шабуылынан қираған Львовтағы үйлерді қалпына келтіруге көмектесуге дайын. «Львовқа көмек қажет! Ресей шабуылының нысанасы қала орталығы болды. Көптеген тарихи ғимараттар бүлінген. Польша оларды қалпына келтіруге көмектесуге дайын», - деп жазды Польша премьер-министрі Дональд Туск X әлеуметтік желісінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

4 қыркүйекте Ресей армиясының Львовқа зымыран шабуылы салдарынан кемінде жеті адам, оның ішінде үш бала қаза тауып, 64 адам жараланды.

Польша львов Украинаға көмек қалпына келтіру

Тақырыпқа жаңалықтар