Президент Саломе Зурабишвилиге импичмент жариялауға рұқсат берілді
Грузия соты президент Саломе Зурабишвилиге импичмент жариялауды бастауға рұқсат берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елдің Конституциялық соты Зурабишвилиді Министрлер кабинетінің келісімінсіз шетелге шығып, шенеуніктермен кездесу арқылы Конституцияның 52-бабын бұзған деп тапты.
Тамыз айының соңында Грузия үкіметі Зурабишвилидің 10 шетелге сапарын мақұлдамағанын хабарлады. Осыдан кейін биліктегі «Грузин арманы» партиясы президентке импичмент жариялау туралы бастама көтерді.
Енді Зурабившилиге импичмент жариялау мәселесін парламент қарауы тиіс.
Бұл қашан болатыны әлі белгісіз.
Дегенмен импичмент қаншалықты шынайы деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.
Президентті қызметінен кетіру үшін 100 депутаттың дауысы қажет, ал «Грузин арманы» парламенттегі 150 орынның 84-іне ие.
Оппозициялық партиялардың өкілдерінің көпшілігі журналистерге: импичментті қолдамайды.
Елдің Конституциялық соты Зурабишвилиді министрлер кабинетінің келісімінсіз шетелге шығып, шенеуніктермен кездесу арқылы Конституцияның 52-бабын бұзған деп тапты. Тамыз айының соңында Грузия үкіметі Зурабишвилидің 10 шетелге сапарын мақұлдамағанын хабарлады. Осыдан кейін биліктегі «Грузин арманы» партиясы президентке импичмент жариялау туралы бастама көтерді.
Енді Зурабившилиге импичмент жариялау мәселесін парламент қарауы тиіс. Бұл қашан болатыны әлі белгісіз. Дегенмен, импичмент қаншалықты шынайы деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.
Президентті қызметінен кетіру үшін 100 депутаттың дауысы қажет, ал «Грузин арманы» парламенттегі 150 орынның 84-іне ие.
Оппозициялық партиялардың өкілдерінің көпшілігі журналистерге импичментті қолдамайтынын айтты.