ӘлемБүгін, 9:22

Президенттің 17 жастағы баласы үйленбекші

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова 17 жастағы інісі Адам Қадыровтың жуырда үйленетінін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Айшат Қадырова бұл қуанышты жаңалықты Instagram-парақшасында бөлісті.

"Інім Адам үйленгелі жатыр", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айшат Қадырованың айтуынша, бұл - Адамның алғашқы некесі.

"Қалыңдықтың есімі - Медни. Ол біздің ауылдан. Өкінішке қарай, тойды еш жерден көре алмайсыздар. Біз той видеоларын жарияламаймыз. Бұл - ата-анамыздың қалауы. Үйлену тойы отбасылық шаңырақта, туған ауылда өтеді", - деп жазды Айшат.

Президент той үйлену келіншек

Тақырыпқа жаңалықтар