Путин Карлсонға сұхбат беріп отырғанда аяғының сіңірі тартылып қалды
BILD шолушысы Себастьян Гейслер жазғандай, Владимир Путин Такер Карлсонға жуырда берген сұхбатында елеулі қиналып отырған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол сағатын шешіп, білегін қысқылап, қобалжып жөтеліп, оң аяғы дірілдеп, сол аяғының сіңірі тартылғандай болды.
Британдық Daily Mail Путиннің сіңірі тартылған сол аяғын алақанымен сипалап мыжғылағанына назар аударады.
Путиннің денсаулығына қатысты түрлі қауесет көптен бері айтылып жүр. Қатерлі ісік, Паркинсон ауруы және жүрек ауруы бар деп жарыса жазылған. Дегенмен Кремль бұның бәрін жоққа шығарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: