Путин: Тәліптер лаңкестікпен күресте Ресейдің одақтастары
«Біз «Талибан» қозғалысы елдегі билікті бақылайтындығынан шығуымыз керек және бұл тұрғыдан алғанда, «Талибан» лаңкестікпен күресте біз үшін әрине одақтас болып табылады», - деді 4 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин, - деп хабарлайды Arbat.media.
Путиннің айтуынша, Кремль радикалды исламшыл қозғалыстан Ресей Федерациясымен «терроризмге қарсы жолда» ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдіретін «сигналдарды» бірнеше рет алған.
Сонымен бірге «Талибан» террористік ұйымдар тізімінде болғандықтан, Ресейде әлі де тыйым салынған.
Мамыр айының соңында Ресей Федерациясының Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі «Талибан» қозғалысын бұл тізімнен шығаруды ұсынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: