Әлем11 қараша 2023, 18:00

Қадыров: Шешен тілін білмесе, жұмыстан шығарамын

Рамзан Қадыровтың мәлімдеуінше, шешен тілінде сөйлемейтін, ойламайтын ұрпақтың болашағы жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шешенстан басшысы өз командасының шенеуніктерін балалары шешен тілін білмесе, жұмыстан шығаратынын айтты.

«Менің командамның өкілдерінің балалары шешен тілін білмейтінін жиі көремін. Мен командадан мұндай шенеуніктерді жұмыстан шығара бастаймын. Ең алдымен, ата-анасы баласына ана тілін үйретуі керек. Балабақшалар мен мектептерде олар орыс тілін үйретеді, ал ата-аналар мұны жиі ынталандырады. Балалары, тіпті, орысша ойлай бастайды. Шешен тілінде сөйлемейтін, ойламайтын ұрпақтың болашағы жоқ», - деді Қадыров 7 қарашада өткен шешен тілі байқауының соңында.  

Рамзан Қадыров шешен тілі Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар