Қарттар үйінде өлген адамның табытын асханадан шығарған
Қарттар үйіндегі түскі ас кезінде марқұмның жатқан табытын асхана арқылы алып өткен. Австрия мен Германияда Зальцбургтегі қарттар үйінде болған оқиғаны талқылап жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қайтыс болған қарттың мәйіті бар табыт зейнеткерлер түскі ас ішіп жатқанда асханадан шығарылған екен.
Австриялық Kronen Zeitung газетінің хабарлауынша, бұл Пасха дүйсенбісі күні болған.
«Кенеттен есік ашылып, асханада тамақ ішіп отырғандардың зәресін ұшырған.
Жерлеу үйінен келген екі адам түк болмағандай, табытты бүкіл асхана арқылы жәй ғана сырғытып алып өткен.
Не кешірім сұрамады. Білмейтін біреу бұны бірінші сәуірдегі қалжың деп қабылдауы мүмкін, - деді куәгер.
Қарттар үйінің басшылығы «этикалық тұрғыдан, әрине, бұл дұрыс емес» деп мойындады.
Бірақ, оның айтуынша, бұл жағымсыз оқиғаға муниципалды жерлеу қызметі жауапты.
Неміс жерлеу үйлері қауымдастығының басшысы Штефан Нойзер BILD-ке австриялық әріптестерінің кәсіби еместігін көрсеткенін айтты.
«Марқұмның денесіне құрметпен қарау, жерлеу рәсімін дұрыс басқару Германиядағы кәсіптік оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Мұны, әсіресе, өлім орнында мәйітті қабылдау кезінде ескеру қажет» деді ол.