"Құты қалған". Канцлер Шольц неге тозығы жеткен ескі портфелін тастамайды
Германия канцлері Олаф Шольц өмір бойы өзімен бірге қайда барса да тозығы жеткен ескі портфелін тастамай алып жүреді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Немістер оны қылжаққа айналдырғаны соншалық, көптеген адам портфельдің ішінде не бар және неліктен жаңасын сатып алмайды деп басын қатырады екен.
2022 жылдың маусымында Олаф Шольц Киевке барды. Владимир Зеленский оны президент сарайының алдындағы қызыл кілемде қарсы алды. Жиналғандар таң қалды: Германия үкіметінің басшысы тозығы жеткен қара портфелін қолынан шығармады. Ақырында украин күзетші портфельді баспасөз фотографтарының назарынан алысқа алып кетті.
Бұл портфель іс жүзінде жай, қарапайым сөмке емес, Bree өндірген, Times үлгісі, өлшемі 40х34 см, таза былғарыдан жасалған, алдыңғы жағында екі үлкен қалтасы бар, дейді Шольц.
Олаф 1980 жылдардың соңында Гамбургте жас заңгер болып істеп жүргенде 890 неміс маркасына сатып алыпты. Қазіргі уақытта бұл баға тек еуромен бірдей дерлік болар еді.
Менің қара портфелім 40 жылға жуық уақыт бойы әр кездесуде, әр іссапарда және тіпті демалыста да жанымда болды. Жыл өткен сайын маған бұл портфель көбірек ұнайды», - деп жазды Шольц Instagram парақшасында.
Портфельдің ішінде не бар екен, оның да сырын ашты.
Бәрі күткендей соншалықты керемет ештемесі жоқ, ішінде кәдімгі заттар бар: көзілдірік, күнделікті газеттер және, әрине, құжаттар, дейді Шольц.
Соған қарамастан портфельді неміс тарихы мұражайы өздеріне алғысы келеді.
Бірақ канцлер әзірге сүйікті портфелін музейге өткізуге құлшыныс танытпай отыр.