"Қылмыс соғыс екенін түсіндім". Экс-ресейлік әскери Бучада болған оқиғаны айтып берді
«Мен бұл қылмыс соғыс екенін түсіндім» деп ағынан жарылды бұрынғы ресейлік әскери, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әскери қызметкер BILD басылымына Бучада болған оқиғаны айтып берді
Бұрынғы орыс солдаты, 28 жастағы Никита Чибрин Ресей басқыншылығының басында Киев облысын басып алған бөлімшелердің құрамында болған. Чибриннің айтуынша, ол Бучада қосалқы тапсырмаларды орындауға мәжбүр болды, яғни жергілікті тұрғындардың үйінен ұрланған азық-түліктерді тиеп, тамақ пісіріп және тазалықпен айналысыпты.
«Бұл нағыз қорқынышты түстей болды. Менің айналамда үнемі өлтіреміз немесе ұрамыз деп қорқытқан мас сарбаздар болды. Бір күні біреу итті өлтіріп тастап, сосын оны көмуді маған бұйырды. Мен итті не үшін өлтіргенін де білмеймін, ол иттің сол жерде өз иесі болған», - дейді Чибрин BILD тілшісімен сұхбатында.
Оның сөзінше, Чибриннің әріптестері оның жекпе-жекке шыққысы келмейтінін біліп, мазақ етіп, масқаралаған.
«Олар мені "қорқақ" деп атады. Орыс сарбаздары мас болған кезде, бұндай нәрсе жиі болатын, жағдай бақылаудан шығатын. Кейде олар тіпті қарудан оқ жаудырып, [жергілікті тұрғындардың] отбасыларына шабуыл жасайтын. Олар үйлерді тінтіп, тамақ пен ішімдікті күштеп алып кететін. Сондай-ақ Беларуське сатуға жіберілген көліктер де бар», - деп еске алады ол.
2022 жылдың мамырында Чибрин соғысудан бас тартып, ақша беріп майданнан кетіп қалады. Ол келісімшартты бұзуға әрекеттенді, бірақ мобилизация басталғаннан кейін ол елден тыс жерге қашуға шешім қабылдады. Бұрынғы әскери адам Еуропаға келіп саяси баспана сұрады.
«Мен бұл қылмыс соғыс екенін түсіндім. Ресей жағы террористік тарапты білдіреді, мен террорист немесе әскери қылмыскер болғым келмеді. Соғысқа дейін мен Еуропаны ұнатпайтынмын, қазір мен Ресейге қарсымын. Украина жеңеді деп үміттенемін. Украина мен Грузия өздерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтірсе ғана бейбітшілік орнайды», - дейді Чибрин.