Қылмыс жасап Арабияға қашқан ер адам ұсталды
Қылмыс жасап Арабияға қашқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.
2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген. Кейін із-түзсіз жоғалыпты.
Айта кетейік, танымал әншіні өлтірген концерт директоры 13 жылға сотталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: