"Қырым 2024 жылы азат етілуі мүмкін". Умеров сұхбат берді
Қырым 2024 жылы азат етілуі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы Рүстем Умеров Bild басылымына Ресей Федерациясы аннексиялаған түбекті азат етуге қатысты сұхбат берді.
"Мен жүз пайыз сенімдімін. Бұл халықаралық мойындаған шекараларға оралу біздің стратегиялық мақсатымыз", - деді.
Бүгінде Ресей билігінің әрекетін бүкіл өркениетті әлем айыптап отыр, деді министр сұхбатында.
«Біз жеңетінімізге еш күмән жоқ. Біз бұл соғысты бастаған жоқпыз, бірақ біз оны аяқтағымыз келеді" деді ол.
Қорғаныс министрі «АҚШ ойыннан шығады» дегенге сенбейді, өйткені оның пікірінше, Конгрестегі екі партия да Украинаны қолдайды, сонымен қатар олар «зұлымдық күштердің әлемдік тәртіпті өзгерткісі келетінін түсінеді».
Украина Қорғаныс министрлігінің басшысы сондай-ақ Германияның «Таурус» қанатты зымырандарымен қамтамасыз етілуінің маңыздылығын атап өтті.
«Бізге серіктестеріміздің алыс қашықтыққа ұшатын барлық зымырандары міндетті түрде қажет».