Қырымдағы жеке емханалар бұдан былай аборт жасамайды
Аннексияланған түбектің денсаулық сақтау министрлігі Қырымдағы жеке емханалар бұдан былай аборт жасамайтынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Басқарма бұған дейін коммерциялық клиникаларды аборт жасатудан бас тартып, «демографиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға» шақырғанын, енді барлық жекеменшік медициналық мекемелер мұндай шешімді өз еркімен қабылдағанын айтты.
«Осылайша Қырымда жүктілікті жасанды тоқтату тек мемлекеттік медициналық ұйымдарда ғана жүзеге асырылады», - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік ауруханаларда аборт жасатқысы келетіндер психологиялық кеңеске жіберіліп, әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтылады.Частные клиники в Крыму больше не будут делать аборты, утверждает Минздрав аннексированного полуострова