Қытайдың оңтүстік-батысында 47 адам үйінді астында қалды
Қытайдың оңтүстік-батысында 47 адам үйінді астында қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жергілікті уақыт бойынша таңғы алтылар шамасында Қытайдың Юньнань провинциясында кенеттен көшкін болып, Ляньшуй шағын ауылын басып қалды.
Табиғи апат салдарынан 18 үй зардап шекті. Билік кем дегенде 47 адам із-түзсіз жоғалып, екеуі қайтыс болды деп хабарлады.
Оқиға орнына қызметтік иттері бар құтқарушылар келді: олар үйінді астынан аман қалғандарды іздеп жатыр.
Әлеуетті қауіпті деп танылған аймақтан қазірдің өзінде 200-ге жуық адам эвакуациялана алды.
«Жэньминь жибао» газетінің хабарлауынша, құтқарушыларға көмекке тұрақты армия сарбаздары да жіберілген.
Қытайда көшкін жиі болып тұрады: қатты жаңбыр да, қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін заңсыз құрылыс жұмыстары да себеп болуы мүмкін.
Өткен жылы Қытайда көшкін салдарынан 70-ке жуық адам қаза тапты.