ӘлемКеше, 21:21

«Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо қызметінен кетті

Испания Суперкубогындағы сәтсіздіктен кейін мадридтік “Реалдың” бас бапкері Хаби Алонсо өз орнын босатты, деп хабарлайды Arbat.Media.

11 қаңтар күні Испания Суперкубогының финалында “Барселона” мен “Реал” чемпиондық атақты сарапқа салды. Тартысқа толы матчта корольдік клуб “Барселонаға” 2:3 есебімен жол берді.

Осы нәтижеден кейін клуб басшылығы бапкерлік құрамда өзгеріс жасау туралы шешім қабылдап, Хаби Алонсоның орнына жаңа бас бапкер ретінде Альваро Арбелоаны тағайындады.

Реал бапкер Мадрид футбол

Тақырыпқа жаңалықтар