Ресей Солтүстік Кореядан алма сатып ала бастайды
Ресей Солтүстік Кореядан алма сатып ала бастайды. Ресей Федерациясы мен КХДР Солтүстік Корея алмасын Ресей нарығына жеткізуге келісті. Ресейде биыл аязға байланысты алма түсімі азаяды деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, бұл 1,5 млн тоннаны құрап, былтырғыдан 200 мың тоннаға аз. Ресей Украинаға қарсы соғыс пен Батыстың санкциялары аясында КХДР-мен ынтымақтастықты дәйекті түрде кеңейтуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ТАСС агенттігі «Россельхознадзорға» сілтеме жасап жариялады.
Маусым айының ортасында Ресей президенті Владимир Путин Пхеньянға келді.
Сапар барысында тараптар «стратегиялық және жан-жақты серіктестік» туралы келісті.
Батыс пен Украина Ресейді КХДР-дан миллиондаған оқ-дәрі алды деп айыптайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: