Ресей «Талибан» қозғалысын Қазандағы ислам форумына шақырды
Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресейде тыйым салынған «Талибан» қозғалысын Қазандағы ислам форумына шақырды. Талибан делегациясы мамыр айына жоспарланған «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum» форумына қатысуға шақырылды. Сыртқы істер министрлігі Азияның екінші департаментінің директоры Замир Кабулов ТАСС агенттігіне Ресейдің Ауғанстандағы «Талибан» үкіметімен антитеррорлық іс-қимылдар тақырыбы бойынша «тұрақты негізде» ынтымақтастықта екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл радикалды ислам қозғалысы өкілдерін Ресейге ресми шақыру бірінші рет емес.
Ал 2022 жылдың наурызында Мәскеу Талибан үкіметінің халықаралық қауымдастық мойындамаған алғашқы дипломатын аккредитациялады.
Сонымен бірге, Ресейде 2003 жылы «Талибан» радикалды қозғалысы Жоғарғы соттың шешімімен террористік ұйым деп танылып, Ресей Федерациясының аумағында оның қызметіне тыйым салынған.