Әлем30 маусым 2024, 11:05

Ресей Украинадағы Бурштын ЖЭС-ын толық қиратты

Ресей Украинаның батысындағы Бурштын жылу электр орталығын толығымен қиратты. Ивано-Франковск облысында Ресей армиясының атқылауы нәтижесінде Украинаның батысындағы ең ірі және елдегі ең қуаттылардың бірі — Бурштын жылу электр орталығы толығымен жойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жылу электр орталығын қалпына келтіру мүмкін емес, ол қатты зақымдалған», - деді Ивано-Франковск облыстық әкімшілігінің басшысы Светлана Онищук.

Оның айтуынша, ресейлік күштер Бурштын жылу электр орталығына 12 реттен астам шабуыл жасаған.

Соның салдарынан Бурштын қаласы алдағы қыста жылусыз және ыстық сусыз қалуы мүмкін. Әлеуметтік нысандарды және халықты қамтамасыз ету үшін қалаға алты қазандық бөлінеді, деп атап көрсетті Онищук.

Айта кетсек, 2022 жылдың ақпан айынан бастап Ресей Украинаның энергетикалық нысандарына зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтармен тұрақты түрде нысаналы шабуылдар жасап келеді.

Бұл, әрине, электр қуатының үзілуі мен тапшылығына әкелді.

Солайша Украина басқа еуропалық елдерден электр энергиясын импорттауды айтарлықтай арттыруда.

Ресей шабуылы Бурштын ЖЭС Украина толық қирады

Тақырыпқа жаңалықтар