Ресейде 25 «шетел агентіне» қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ресей Федерациясында 25 «шетел агентіне» қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотталушылар материалдарды таңбалау талаптарын сақтамағаны үшін айыпталуда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қылмыстық істердің нақты кімге қатысты қозғалғаны көрсетілмеген.
Барлығы "Роскомнадзор" Ресейдің Тергеу комитетіне «шетелдік агенттер» тізіліміне енгізілген және таңбалау талаптарына сай келмейтін 45 адам туралы ақпаратты берді, деп хабарлайды ресейлік БАҚ реттеуші органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Ресей тізіліміне 606 «шетел агенті» енгізілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: