Ресейде су басқан шахтаның басқарушы директоры ұсталды
Ресейде су басқан шахтаның басқарушы директоры ұсталды. Амурлық «Пионер» шахтасының басқарушы директоры жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі Ресейдің Тергеу комитетінің жергілікті бөліміне сілтеме жасап жариялады.
Наурыздың 18-і күні "Пионерде" тас опырылып, тағдыры әлі белгісіз 13 кенші жер астында қалып қойды.
Сондай-ақ шахтаның су астында қалуы «ықтимал» екені белгілі болды. Құтқару жұмыстарына 200-ден астам адам жұмылдырылған.
"Пионер" тау-кен гидрометаллургиялық комбинаты Ресей Федерациясындағы ең ірі алтын өндіретін кәсіпорындардың бірі болып табылады.
2008 жылдан бері, иесінің айтуынша, мұнда 2,8 миллион унция алтын өндірілген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: