Әлем4 қараша 2023, 16:00

Ресейде түрме, колонияда отырғандарға арнайы әскери тіркеу енгізілді

Ресейде түрме, колонияда отырғандарға арнайы әскери тіркеу енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресей үкіметі әскери есепке алу туралы ережедегі түзеу мекемелеріндегі тұтқындар әскери есепке алынбайды деген тармақты алып тастады.

Жаңа нормада «арнайы әскери есепке алу» ұғымы енгізілді.

Енді жазасын өтеп жатқандар түзеу колониясы мен тергеу изоляторы жанындағы арнайы әскери комиссариатқа бекітіледі.

Олар комиссариатқа келмей-ақ әскери есепке алынады.

Сондай-ақ медициналық куәландыру, медициналық тексеру немесе психологиялық іріктеуді қажет етпейді.

Ресей түрме әскери тіркеу

Тақырыпқа жаңалықтар