Ресейде «жағымсыз ұйымдар» қызметкеріне елге кіруге тыйым салынуы мүмкін
Бас прокуратура «жағымсыз ұйымдар» қызметкерлеріне Ресей Федерациясына кіруге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы «Известия» ведомствоның жаңа көші-қон заңнамасын дайындауға байланысты Ішкі істер министрлігіне жолдаған хат мәтініне сілтеме жасап жариялды, - деп хабарлайды Arbat.media.
400 беттен тұратын құжатқа прокуратура «қалаусыз ұйымдардың» қызметіне қатысатын адамдардың Ресейге кіруіне, болуына және тұруына тыйым салатын норма қосуды ұсынып отыр», - деп жазады басылым.
Бұл жерде етелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы айтылып отыр.
Бас прокуратура мұндай тыйым салу қажеттілігін «Ресей Федерациясының ішкі істеріне шетелдік араласуға қарсы іс-қимылдың аса өзектілігімен» негіздеді.
Қазір Ресейде 167 ұйым «қалаусыз» деп танылған.
Ресей Федерациясында олармен ынтымақтастық жауапкершілікке, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
11 маусымда Мемлекеттік Дума құрылтайшылары немесе қатысушылары шетелдік мемлекеттік органдар болып табылатын ұйымдарды «қалаусыз» деп тануға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.