Әлем4 қараша 2023, 14:38

Ресейдегі тұтқындар арнайы әскери есепке алынады

Ресей Федерациясындағы тұтқындар арнайы әскери есепке алынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресей үкіметінің жарияланған қаулысына сәйкес, әскери комиссариаттар тергеу изоляторлары мен түрмелердегі тұтқындар туралы мәліметті өз тізіліміне енгізе бастайды.

Бұл ретте сотталғандар медициналық тексеруден немесе психологтың тексеруінен өтпейді.

Деректер олардың жеке қатысуынсыз енгізіледі және жылына кемінде бір рет жаңартылады.

Мұндай дерек жинаудың мақсаты ашылмаған.

Бұрын Ресей Федерациясында тұтқындар әскери есепке алынбайтын.

Ресей түрме тұтқындар комиссариат

Тақырыпқа жаңалықтар