Ресейден Израильге репатриация тоқтатылды
Ресейден Израильге репатриация тоқтатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ТАСС Израильдің Ресей Федерациясындағы дипломатиялық миссиясына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Израильдің Ресей Федерациясындағы елшілігінің репатриация бөлімі 27 қазанға дейін өтініш қабылдауды тоқтатты.
The Moscow Times басылымы бұған дейін бұрынғы КСРО-ның барлық елдеріндегі Израиль елшіліктеріндегі консулдық тексерулер белгісіз мерзімге тоқтатылғанын хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: