Әлем7 ақпан 2024, 14:00

Ресейлік фотографқа кемпірқосақ тудың суреті үшін айыппұл салынды

Ресейлік фотографқа Instagram-да кемпірқосақ іспеттес тудың суреті үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Саратовтық Инна Мосина өзінің Instagram парақшасында 3, 5 және 6 жыл бұрын жалаушасы бар үш суретін жариялады.

Мосинаға қарсы хаттама 2023 жылдың желтоқсанында толтырылды және «құқық бұзушылық» анықталған кезде Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының «халықаралық ЛГБТ қозғалысын» экстремистік деп тану туралы шешімі әлі күшіне енген жоқ болатын.

Инна Мосинаның өзі кінәсін мойындамайды. Айтуынша, ол Instagram желісіндегі жарияланымдарды желтоқсан айында учаскелік полиция қызметкері шақырғаннан кейін өшіріп тастаған.

Оның айтуынша, суреттер ЛГБТ өкілдеріне мүлдем қатысы жоқ, кемпірқосақ көркемдік мақсатта қолданылған.

Ресейлік фотограф Айыппұл Инстаграм кемпірқосақ
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар