Әлем2 сәуір 2024, 8:00

Reuters: Иран Ресейге Crocus City Hall трагедиясының қарсаңында ескерту жасаған

Reuters мәлімдегендей, Иран Ресейді Crocus City Hall трагедиясының қарсаңында ірі «террорлық операция» туралы ескерткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ресейдегі шабуылдан бірнеше күн бұрын Тегеран Мәскеумен Ирандағы жантүршігерлік жарылыстарға байланысты тұтқындалғандардан жауап алу кезінде алынған, Ресейде болуы мүмкін ірі лаңкестік акті туралы ақпаратпен бөлісті», - деді үш дереккөздің бірі Reuters агенттігіне.

Қаңтар айында Иран барлау министрлігі 100-ге жуық адамның өмірін қиған жарылыстарға қатысы бар 35 адамды қамауға алғанын хабарлады.

Министрлік сол кезде «Ислам мемлекетінің» Ауғанстандық қанаты ISIS-К бөлімшесінің командирін тұтқындағанын хабарлады.

Рейтер агенттігінің аты-жөнін жасырғысы келген тағы бір дереккөзі Теһранның Мәскеуге алдағы шабуыл туралы берген ақпаратында шабуылдың уақыты мен нақты мақсатына қатысты нақты мәліметтер жоқ екенін түсіндіреді.

«Оларға (ДАИШ-K мүшелері) Ресейде қандай да бір маңызды операцияға дайындалу тапсырылды... Лаңкестердің бірі (Иранда ұсталды) топтың кейбір мүшесі Ресейге барып үлгергенін айтты», - деді дереккөз.

Иран Сыртқы істер министрлігі мен Кремль, сондай-ақ Ақ үй агенттіктің бұл оқиғаға түсініктеме беру өтінішіне жауап бермеді.

Иран ескерту Теракт Crocus City Hall

Тақырыпқа жаңалықтар