РФ қылмыстық атқару қызметі Алексей Навальныйдың қайтыс болғанын хабарлады
Ресейдің Федералдық қылмыстық атқару қызметі Алексей Навальныйдың қайтыс болғанын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«2024 жылдың 16 ақпанында №3 түзеу колониясында сотталушы А.А.Навальный серуендеуден кейін өзін жайсыз сезініп, бірден есін жоғалтты, дереу мекеменің медицина қызметкерлері келіп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады», - делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: