Санкция бойынша: Жапония Ресей азаматын ұстады
Жапония Ресей азаматын санкцияларды айналып өтті деген айыппен алғаш рет ұстады. Жапондық Nikkei агенттігінің хабарлауынша, Осака префектурасының полициясы Astrade компаниясын басқаратын 38 жастағы Андрей Сованы ұстаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей бас консулдығы ТАСС мемлекеттік агенттігіне «полицейлер олармен байланысып, ресейлік азаматтың ұсталғаны туралы хабардар еткенін» растады.
Сова контейнерлік кемеде жеке су көліктерін Ресейге заңсыз экспорттады деген күдікке ілінді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, әңгіме әскери мақсатта пайдалануға болатындықтан экспорты шектелген реактивті шаңғылар мен теңіз дизельдік қозғалтқыштары туралы болып отыр, деп жазады Nikkei.
Полицияның мәлімдеуінше, 2023 жылдың қаңтарында Сова үкіметтің рұқсатынсыз Ресейге құны 43 миллион иен (23 миллион рубльден астам) болатын су құралдарын жіберген.