«Шетел агенттері». Грузия президенті Конституциялық сотқа шағым түсірді
Фото: Shakh Aivazov/AP/picture alliance
Саломе Зурабишвили
Әлем16 шілде 2024, 15:23

«Шетел агенттері». Грузия президенті Конституциялық сотқа шағым түсірді

Грузия президенті «шетел агенттері» туралы заңға қарсы Конституциялық сотқа шағым түсірді.  Саломе Зурабишвили «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заңның толық күшін жоюды талап етеді. Бұл ел тарихындағы бірінші сот процесі. Конституциялық Сот талап-арызды қарау кезінде заңның қолданылуын тоқтата тұруы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шетел агенттері» туралы заңның қабылдануы сәуір мен мамырда елде мыңдаған адамның наразылығын тудырған.

Сыншылар оны Ресей Федерациясында қолданыстағы «шетел агенттері» туралы заңнамамен параллель етіп, «Ресей заңы» деп атайды.

Мамыр айының ортасында парламент даулы заңды қабылдағанда, Зурабишвили оған вето қойды.

Алайда заң шығарушылар оны еңсере алды.

15 шілдеде Грузия парламентінің білім, ғылым және жастар ісі жөніндегі комитетінің басшысы Гиви Миканадзе «шетел агенттері» туралы заңның «бірнеше аптадан кейін күшіне енетінін» айтты.

Саломе Зурабишвили шетел агенттері шағым Конституциялық сот

Тақырыпқа жаңалықтар