Си Цзиньпин мен оның әйелі Тоқаевты Тяньцзиньде қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барды, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барды.
Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды", - делінген Ақорда хабарламасында.
ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті.
Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына баратыны 26 тамызда белгілі болды. Бағдарлама 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығына жоспарланғаны хабарланды.