Словакия енді Украинаға қару-жарақ жеткізуге ниетті емес
Словакия енді Украинаға қару-жарақ жеткізуге ниетті емес, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қызметіне кіріскеннен кейін көп ұзамай, Словакия үкіметінің жаңа басшысы Роберт Фико Украинаны бұдан былай қару-жарақпен қолдамайтыны туралы өзінің сайлауалды ниетін растады.
Сонымен бірге Словакия Киевті азаматтық тауарлармен қамтамасыз етуді және оған жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады, - деді Словакияның жаңа премьер-министрі мәлімдемесінде.
«Үкімет басшысы ретінде мен Украинаға қарусыз көмек көрсетуді жақтаймын», - деп келтіреді TASR ақпарат агенттігі Фиконың сөзін.
Дегенмен, бұрын Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы келісім жасасқан словакиялық компанияларға келісімнің барлық шартын орындауға рұқсат етіледі.
Соңғы уақытқа дейін Словакия Украинаның ең мықты жақтастарының бірі болды.
Ресей шабуылы басталғаннан кейін, көп ұзамай ел Киевке зениттік зымыран кешенін, ал бір жылдан кейін МиГ-29 жойғыштарын берді.
Сондай-ақ Словакия Украинаға танктер мен оқ-дәрілер де берді.