Словакия Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатты
Словакия Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жаңа министрлер кабинеті Киевке бұрынғы үкімет бөлмек болған 40 миллион еуро көлеміндегі әскери көмектің тағы бір пакетіне тосқауыл қойды.
Бұған дейін Словакияның жаңа сайланған премьер-министрі Роберт Фицо Братислава Украинаға тек гуманитарлық және азаматтық көмек көрсететінін мәлімдеген.
Фицо болашақта Еуроодақтың Мәскеуге қарсы санкцияларына тосқауыл қоюға уәде берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: