Әлем9 қараша 2023, 13:23

Соғыс кезінде Украинада сайлау бола ма, жоқ па?

Соғыс кезінде Украинада сайлау бола ма, жоқ па? - деп хабарлайды Arbat.media.

Владимир Зеленский Ресей Федерациясы бастаған соғыс аяқталғанша президент сайлауын өткізу идеясына бірнеше рет күмәнмен қарады.
Бұл ретте ол елде дауыс беруді ұйымдастыруға болатынын мәлімдеді.
Соңғы күндері бұл тақырып тағы да талқылана бастады. 

Ал Украина президенті сайлау көктемде, оның өкілеттілігі аяқталуға жақын уақытта өте ме деген сұраққа тағы да нақты жауап бермеді.

Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің оқытушысы Петр Олещук: «Батыс серіктестері Украинаның нақты жағдайын жақсы білмейді, бірақ олар Украинаның демократиялық ел екенін біледі, яғни сайлау сонда өтуі керек», - дейді.

Оның айтуынша, Зеленскийді сайлау өткізуге итермелеп отырған Батыс, ал Украина бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартатындай жағдайда емес.

Зеленскийдің түсініктеме бермейтін мәлімдемелері оның командасының 2019 жылдан бергі технологиясы дейді Украина сайлаушылар комитетінің төрағасы Алексей Кошель.

Бұл қоғамның реакциясын байқастауға арналған ақпараттық амал. Олар бұл амалды соғыс жағдайындағы  2014 жылғы сайлауды негізге алып отыр. 

Алайда сарапшылардың пікірінше, сауалнама украиндықтардың өзі президенттік сайлауға онша дайын емес екенін көрсетеді.

Украина сайлау сарапшылар

Тақырыпқа жаңалықтар