"Соғысты қолдаған". Күрестен Ресей құрамасының капитаны Олимпиадаға жіберілмеді
Күрестен Ресей құрамасының капитаны Украинадағы соғысты қолдағаны үшін Олимпиадаға жіберілмеді. Халықаралық Олимпиада комитеті Абдулрашид Садулаевты жеңімпаздары Париж Олимпиадасына жолдама алатын еркін күрестен Бакуде өтетін іріктеу турниріне қатысушылар тізімінен шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.
ХОК өз шешімін Садулаевтың Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтынымен және Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен тығыз байланыстағы «Динамо» спорт қоғамының мүшесі екендігімен негіздеді.
27 жастағы Садулаев Рио-де-Жанейро мен Токио Олимпиадаларының жеңімпазы, сондай-ақ әлемнің бес дүркін және Еуропаның төрт дүркін чемпионы. Ол сондай-ақ Ресей Ұлттық ұланының Солтүстік Кавказ округінің спорттық құрама командасының мүшесі және Ресей Ұлттық гвардиясының кіші сержанты.
Бұған дейін ХОК биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бейтарап мәртебеде Ресейден ең көбі 55 және Беларусьтен 28 спортшы бара алатынын хабарлаған. Қазірдің өзінде 12 ресейлік және 7 беларусь біліктіліктен өтті. Олар алған медальдар жалпы есепте көрінбейді.