Соғыстың әр күні Киевке шамамен 120 миллион еуро шығын әкеледі
Фото: Frank Hammerschmidt/dpa/picture alliance
Frank Hammerschmidt
Әлем31 шілде 2024, 5:18

Соғыстың әр күні Киевке шамамен 120 миллион еуро шығын әкеледі

Украинаның қаржы министрі соғыстың әрбір күні Киевке шамамен 120 миллион еуро шығын әкелетінін айтты. «РБК-Украина» агенттігіне берген сұхбатында Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко Ресеймен соғыстың әрбір күні ел бюджетіне шамамен 120 миллион еуро шығын әкелетінін айтты. Осылайша, Киевтің қауіпсіздік пен қорғанысқа жұмсайтын ай сайынғы шығыны шамамен 3,7 миллиард еуроны құрайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Марченко Украинаның 2024 жылға арналған бюджетінде 11 миллиард еуродан астам қаржы жетіспейтінін атап өтті.

Бұл қаражаттың басым бөлігі салықты көтеру арқылы жиналуы керек, ол үшін үкімет жақында жаңа заң жобасын енгізді.

Екі жылдан астам уақыт бұрын басталған Ресейдің жаппай басқыншылығынан бері Украина бюджетінің жартысынан көбі батыс елдерінің несиелері мен гранттары есебінен толтырылды.

120 миллион еуро Украина Соғыс Шығын

Тақырыпқа жаңалықтар