Әлем25 шілде 2024, 10:23

Шольц: Камала Харрис сайлауда жеңіске жетуі әбден мүмкін

Шольц Харристің АҚШ сайлауындағы жеңісін «өте ықтимал» деп атады. Германия канцлері Берлиндегі жыл сайынғы жазғы баспасөз мәслихатында Камала Харристі «білікті және тәжірибелі саясаткер» деп сипаттады. Олаф Шольцтің айтуынша, АҚШ-тың қазіргі вице-президенті өз елінің әлемдегі рөлі мен Батыстың алдында тұрған сын-қатерлер туралы нақты ойлары бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Менің ойымша, Камала Харрис сайлауда жеңіске жетуі әбден мүмкін», - деді ол.

Сонымен қатар, Шольц онымен жеке әңгімелесу кезінде Харрис әрқашан «өз көзқарасын шын жүректен білдірді» және «алдын ала дайындалған нәрсені» айтпайтынын атап өтті.

Германия канцлері Еуропа Құрама Штаттардағы президенттік сайлауды жіті қадағалап отырғанын айтты.

«Ол жерде болып жатқан оқиға әлемнің барлық елдері үшін және, әрине, Германия мен Еуропадағы АҚШ-тың жақын одақтастары үшін үлкен маңызға ие. Америка халқы таңдаған кез келген әкімшілікпен жұмыс істеуге ниеттіміз», - деді Шольц, 

 

Шольц Камала Харрис Пікір жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар